2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБҰҰ Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа заң қабылданғанын жоғары бағалап, қолдау білдірді. БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Михаэла Фриберг-Строй бұл гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолында алға жасалған қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Майкла Фриберг-Сторидің айтуынша, жаңа заң гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға бағытталған маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын, әсіресе әйелдерді, балаларды және әлеуметтік осал топтағы адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы Қазақстан мұндай әрекетке жол берілмейтінін және кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Бұл маңызды қадам гендерлік теңдікті ілгерілетіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің өмірлерін қалпына келтіру үшін сот төрелігі мен қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді, - деп атап өтті БҰҰ тұрақты үйлестірушісі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өзінің өкілі арқылы елді осы заңды тиімді жүзеге асыру және орындау бойынша күш-жігерді жалғастыруға, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыруға, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуға және зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету тетіктерін құруға шақырады.
Бұл кешенді тәсіл барлық адамдар өз үйлерінде қорқынышсыз және зорлық-зомбылықсыз өмір сүре алатын қоғам құру үшін қажет, - деді Фриберг-Стори.
Оның айтуынша, БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою және оның барлық азаматтарына құрмет, теңдік және қадір-қасиет мәдениетін ілгерілету бойынша Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова