30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБіріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастық жүйесін реформалау, орнықты даму және БҰҰ-ның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады.
БҰҰ агенттігінің жаңа басшысын құттықтай отырып, А.Рахметуллин БҰҰ-ның белсенді қолдауының арқасында Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібі шеңберінде өз халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі шілде айында Нью-Йорк қаласында өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында еліміздің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынуға дайындалып жатқанын жеткізген.
А.Рахметуллин БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды өткізгені және көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірсе, С.Раднарагча Қазақстан Үкіметіне «БҰҰ-ның қазақстандық отбасына» көрсетілген жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды