20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүтін бір отбасы белгісіз жағдайда қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Өзбекстан мемлекетінде болған. Ташкент қаласындағы Учтепин аудандық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 16 қаңтар сағат 17:00 шамасында бір отбасының бес мүшесі пәтерінде ес-түссіз табылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.
Оқиға орнын тексеру кезінде 36 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызының мәйіттері табылды. Одан бөлек, сол үйден табылған 39 жастағы ер адам аурухана дереу жеткізіліп, жансақтау бөліміне орналастырылған. Алайда, өкінішке қарай 1 күн өткеннен кейін ауруханада есін жимастан ер адам көз жұмды.
Сондай-ақ, пәтерден 12 және 8 жастағы балалар есінен танып жатқан күйде табылды. Олар да дереу токсикология бөліміне жеткізілді.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын және нақты қорытынды алғаннан кейін отбасы мүшелерінің өліміне не себеп болғанын хабарлайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?