Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМакаода Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023 гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
DimashNews мәліметінше, 50-ден астам актерлер, әншілер мен музыканттар танымал фильмдердің музыкалық тақырыптарын жаңа заманауи интерпретацияда ұсыну үшін Galaxy Arena алаңына жиналды.
Димаш «Battle of Memories» фильмінің саундтрегі «Eternal Memories» әнін мүлде жаңаша орындады. Эмоцияларға толы, жарқын қойылым композицияны да, әртісті де жаңа қырынан танытты, - делінген сайт таратқан мәліметте.
Димашқа арнап жазылған қытай тіліндегі алғашқы ән «Eternal Memories» 2017 жылдың 5 сәуірінде жарық көрді. Шығарылғаннан кейінгі бірінші күні ол Қытайдағы ең үздік iTunes QQ рейтингінде көш бастады. Композиция CCTV телеарнасының нұсқасы бойынша «Top Global Chinese Music» сыйлығында «Жыл әні» номинациясында Димашқа жеңіс әкелді.
Димаштың орындауындағы «Eternal Memories» әлемнің көптеген елдерінде шырқалды, композициясы мен лирикасы жағынан күрделі әнді тек Қытайда ғана емес, қазақстандық өнерпаздың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері де қосыла шырқады. Композиция көрерменді алғашқы аккордтардан бастап соңғы ноталарға дейін қуатты энергияда тербейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді