Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБас прокуратура Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұған дейін Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтан тек жауап алынғанын хабарлаған еді.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар