20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБурабай курортында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апатынан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада жатыр.
Апат курорт маңында Астана - Петропавл тасжолында болған.
Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісі Бурабай кентіне бұрылған кезде рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі мен жұбайы, 41 жастағы жолаушы және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.
Қайтыс болған жүргізушінің көлікте бір жасар қызы болған. Оның жағдайы қанағаттанарлық.
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?