Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБурабай курорты аумағында Бөлектау тауынан әйелдің құлап, мерт болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 маусымда болған. Анықталғандай, қайтыс болған әйел бір күн бұрын отбасымен бірге Астанадан Бурабай ауданына келген. Бөлектау тауының шолу алаңында суретке түспекші болған кезде төмен құлап, тасқа соғылған.
Адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына демалуға барғанда сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер