20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБурабайдағы сауықтыру орталығында демалып жатқан 10 бала ауруханаға түсті. Олар Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Демалушылар 30 маусымнан бастап балаларды сауықтыру орталығында болған.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 бала кеше 7 шілде күні сағат 11:30 шамасында Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түскен.
Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог дәрігерлері қараған.
ЖРВИ-ге қатысты жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалды. 6 балаға тонзиллит, 2 балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылды,-делінген ведомство мәліметінде.
Бұған дейін Бурабай ауданына туыстарымен демалысқа барған 14 бала астан уланған болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?