Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының Бурабай ауданында 40-қа жуық өрт сөндіруші жазғы дәмханада орын алған өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама 5 шілдеде сағат 03.09-да түскен.
Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді. Қабылданған жедел іс-шаралардың арқасында сағат 04.13 оқшауланған өрт, 05.04-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны анықталды. Бұл, хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде 4 газ баллоны жарылып, бұл жалынның көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына әсер етті.
Жедел қабылданған шаралар оттың тұрғын үйлерге таралуының алдын алды, - деді Щучье қалалық жасағының бастығы Руслан Базарбаев.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Өрт болған жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына хабарласу қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?