10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында қайықпен жүрген демалушыларды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі 6 шілдеде Алтай ауданының құтқарушыларына демалыс базаларының бірінде екі адам Бұқтырма су қоймасы арқылы қайықпен жүзіп, байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздеуге кірісіп және Шығанақтағы қарама-қарсы жағалауда жоғалғандарды тауып алған. Адамдар бар қайық демалыс орнына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.
ШҚО ТЖД демалушыларға тиісті ережелерді сақтауды ескертеді. Оның ішінде
- облыста найзағай, бұршақ және қатты жел туралы дауыл туралы ескерту бар, осыған байланысты мұндай метеожағдайларда қайықпен және басқа да жүзу құралдарымен жүрмеңіз.
- жүзу құралдарымен жүрген кезінде құтқару кеудешелерінің болуы міндетті.
- суға шықпас бұрын жүзу құралының жарамдылығын тексеріңіз;
- қайықты шамадан тыс жүктемеңіз-әр кемеде жолаушылар саны бойынша шектеу бар, осы шектеулерді сақтаңыз.
- қозғалыс кезінде жүруге немесе қайықтың шетіне отыруға болмайды, сонымен қатар балаларға бұған жол бермеңіз, жолда қолыңызды бортқа шығармаңыз, жүзу құралдарынан секіріп кетпеңіз.
- балаларды жүзу құралдарында жалғыз қалдырмауды қаперге салып отыр.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді