20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБалаларға не олардың ата-аналарына шұғыл психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін барлық өңірде білім басқармаларының жанында сall-орталықтар, ал Оқу-ағарту министрлігінде balaqorgaubot2.0 телеграм чат-боты, «balaqorgau» веб-сайты жұмыс істейді.
Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Чат-боттың тиімділігі – әрбір пайдаланушы өз өтінішіне жауап алып, тәулік бойы жұмыс істейтіндігінде. Сондай-ақ өтініштер мәселе толық шешілгенге дейін шұғыл түрде қаралады. Веб-сайтқа кез келген бала немесе ата-ана мектептің қабырғасында ілініп тұрған QR-код арқылы кіріп, өздерінің сұрақтарын қалдыра алады. Аталған орталықтар жұмысы толығымен анонимді жүргізілетінін, жүгінушіге ешқандай қатер төнбейтінін атап өту керек, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, былтыр Оқу-ағарту министрлігіне 1000-нан астам құқықбұзушылықты жасыру немесе дер кезінде мән бермеу фактілері бойынша арыздар келіп түскен. Осы ретте министрлік балалар арасындағы немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарламағаны үшін белгіленген жазаны күшейту қажеттігін ұсынуда.
Оқу-ағарту министрлігі білім басқармаларымен бірлесіп, халықпен ашық диалог жүргізу үшін тиісті шараларды жүргізіп жатыр, сонымен қатар балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қою, оларға дереу тиісті көмек көрсету бойынша кешенді жұмыс жалғасады, - деді ол.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?