29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайдағы әлем чемпионатында бокстан Моңғолия құрамасының намысын қорғап жүрген қандасымыз Асқар Жандос қазақ спортшыларымен қарым-қатынасы жайлы айтты.
– Сіздің салмақта қазақстандық Санатәлі Төлтаев бар. Әлем чемпионатында тағы кімдерді айта аласыз?
– Әлем біріншілігінде мықты қарсыластар көп. Өзбекстан мен Ресей боксшылары бар. Өзіміздің бауырымыз Санатәлі Төлтаев та жақсы даярлықпен келген. Бірақ біз де бұл жерге жеңіс үшін келдік.
– Биылғы бірінішілік ашық аспан астында өтіп жатыр, қиын болмады ма?
– Қазір біздің жақта күн суық, ал мұнда нағыз жаз болып тұр. Бастапқыда ауа райына үйренісу қиын болды, бірақ қазір толық бейімделіп кеттік. Оның да өз ерекшеліктері бар екен.
– Қазақстандық былғары қолғап шеберлерімен араласып тұрасыз ба?
– Қазақ бауырларыммен жақсы араласамыз, әлеуметтік желі арқылы да бір-бірімізге қолдау көрсетіп отырамыз. Қазақстандық өте мықты боксшылар көп қой. Бірге жаттықан кездеріміз де болды. Сондықтар оларға сәттілік тілеймін!
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек