Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілісте «Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру мен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырыста депутат Ермұрат Бәпи заң жобасының атауы халық үшін түсініксіз екенін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз бұл заңды түсініп отырғанымызбен, дәл осы заңды қоғам түсінбейді. Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру, оған декриминализация жасаса, оны саяси сауаты төмен қоғам қалай түсінеді?! Осының атауын қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма?! Ертеңгі күні бізге сөз келеді. Себебі біз қабылдаймыз. Президентке сөз келеді. Өйткені ол қол қояды. Сол кезде 5-6 депутат қана соңына дейін жеткіземіз. Әлеуметтік желіде Абзал Құспаннан бастап бәрімізді белгілейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Үлкен блоктарға, Тelegram, YouTube каналдарға шығу керек. «Хабар» мен Qazaqstan арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып түсіндіру керек, - деді мәжілісмен.
Ермұрат Бәпидің пікірінше, алдағы уақытта экономикалық құқық бұзылған жағдайда, оған декриминализация болса, үлкен дау туады. Сондықтан халыққа жаңа норманы түсіндіру мәселесін назарға алу керек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?