19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері.
14 қазанда жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Салмақ дәрежелері:
Ерлер: 50 келіге дейін, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.
Әйелдер: 48 келіге дейін, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі және 80 келіден жоғары.
Чемпионатты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары