20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Қырғызстан тәуелсіздігінің 32 жылдығын тойлап жатыр. Бауырлас елге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қырғыз Республикасы жыл сайын 31 тамызда басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлайды. 1991 жылдың дәл осы күні Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі декларациясы» қаулысын қабылдады. Осы тарихи акт бойынша Қырғыз Республикасы тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет болып жарияланды.
1993 жылғы 5 мамырда тәуелсіз мемлекет ретінде Қырғыз Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.
Әдетте мереке Бішкектің орталық алаңы Ала-Тоода атап өтіледі. Онда мерекелік шерулер, іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?