Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін, 14 қыркүйекте футзалдан Өзбекстанда әлем чемпионаты басталады. Фавориттердің арасында Қазақстан құрамасы да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рикардо Кака жаттықтыратын ұлттық құрама D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды. Алғашқы матч 15 қыркүйекте Испаниямен өтеді.
Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 14 ойыншы барады. Нақты тізімге 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы енді. Олар: Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор.
Әлем чемпионаты бүгін Хорватия мен Таиланд арасындағы матчтан басталады. Қазақстан мен Испания арасындағы кездесу 15 қыркүйекте 17:30-да өтеді.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер