Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін - Конституция күні. Биыл Ата заңымызға 29 толып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді.
Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.
Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке саналады. Осыған байланысты ел азаматтары мереке күні демалады. Биыл 30 тамыз жұмаға түсіп тұр, қазақстандықтар бір күн демалады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді