Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанның бірқатар өңірінде аптап, жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болады. «Қазгидромет» синоптиктері дауылды 20 шілдеге арнап осындай болжам жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қонаевта қатты аптап ыстық болып, ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысында тұман түсіп, өрт қаупі жоғары болады.
Таразда қатты жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында 38-40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, сондай-ақ өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай, бұршақ, дауыл, жел, ыстық және өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, қатты жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтау мен Қарағандыда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен, Семей қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында найзағай мен секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел болжанып отыр.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған қалаларында, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл, жел, 42 градусқа дейінгі аптап және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?