Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы шаңғы-биатлон базасында GRAND TOUR BIATHLON жасөспірімдер арасындағы ҚР кубогінің екінші кезеңі басталады. Спорттық дода 11 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Биатлоншылар одағының ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, бұл аталған өңірде шаңғы спорты түрінен өткізілгелі отырған алғашқы бәсеке.
Жарыста Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 80 нен астам спортшылар өнер көрсетеді.
Қазақстан Биатлоншылар одағының қолдауымен рейтинг нәтижесі бойынша 2008-2010 жылдары туған көшбасшы спортшылар 10-15 сәуір аралығында Норвегияда өтетін фестивальге және 2024 жылдың қарашасында Словенияда өтетін IBU спорт лагеріне жіберіледі. Сонымен қатар үздік деп танылған 3-5 командаға спорттық инвентарь алу үшін ақшалай сертификаттар табысталады. Одан бөлек әр кезеңдегі спринт және жеке жарыс үздіктері жеңімпаз күртешесімен және арнайы кубокпен марапатталады.
Оқи отырыңыз:
Жарыстың жаңа форматы ересектер арасындағы Әлем кубогінің кезеңдеріне сәйкестендірілген.
Спорттық доданың ресми ашылу салтанаты 7 қаңтарда өтеді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді