23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді1 қазанда Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Күндізгі сессияда Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі.
Сағат 14:45-те 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді. Ол қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Кешкі сессияда Қазақстанның екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді.
Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен кездеседі. Бұл жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады