Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБүгін қазақтың «Левитаны» атанған атақты диктор, Қазақстанның Халық артисі Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 100 жыл. Бұл туралы «Қазақ радиосының» директоры Дулат Абибуллаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Дауылпаз диктор Қазақ радиосында жарты ғасырдай жұмыс істеді. Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын Кеңес елдері Левитанның дауысымен естісе, қазақ даласына «Жеңіс» хабарын Әнуарбек Байжанбаев жеткізді. Әнуарбек Байжанбаев 1989 жылы 21 қазан күні 66 жасында дүние салды. Дара диктордың рухына тағзым ретінде еткен жылдары Астана қаласындағы көшелердің бірі Әнуарбек Байжанбаевтың есімімен аталды. Ә.Байжанбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Қазақ радиосы жыл бойы бірқатар шаралар ұйымдастырмақ. Туған жерінде, радио ұжымы ішінде, эфирде диктордың есімін дәріптеуге арналған шаралар өтеді», - деп жазды Дулат Абибуллаев.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды