22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
172 мың түлек 11 сынып бітірді, оның 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Ал 9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамдады. 1-10-сыныптар аралығындағы балардың 85,3% жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.
Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады.
Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.
Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды.
Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев