30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұл күндері Қазақстан астанасы теннистен ATP санатындағы ең ірі турнирлердің бірін өткізуге дайындалып жатыр. Әлемдік деңгейдегі жарысқа жер-жаһанның бірқатар танымал теннисшісі қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, қазірдің өзінде еліміздегі байрақты додаға ATP рейтингте 26-сатыға жайғасқан еліміздің бірінші ракеткасы, жуырда ғана Германияның Галле қаласында мәресіне жеткен АТР 500 турнирінің жеңімпазы Александр Бублик, «Үлкен дулыға» санатындағы ең ірі үш турнирдің жеңімпазы, Олимпиада чемпионы, ATP санатындағы 19 турнирдің жеңімпазы, «Дэвис кубогінің» иегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы швейцариялық Стэн Вавринка, бірқатар ірі жарыстың жеңімпазы, әлемнің экс үшінші ракеткасы аустриялық Доминик Тим, жастар арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы, жастар арасындағы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазіргі таңда ересектер арасындағы рейтингте 32-орында тұрған америкалық Себастьян Корда қатысатындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтетін ATP 250 санатындағы ASTANA OPEN турнирі биыл үшінші мәрте ұйымдастырылмақ. Бұл турнир бұған дейін елімізде 2020 және 2021 жылдары өткізілсе, былтыр Қазақстан теннис тарихында алғаш рет АТР 500 сериялы жарыстың жалауы желбіреген еді.
Жүлде қоры 1 017 860 АҚШ долларын құрайтын турнир елордада 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды