29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған үшінші талапкер де ереже бұзғаны үшін грант жеңе алмайды, деп хабарлайды El.kz
«Өкінішке қарай ҰБТ-2022 бейнежазбаларын қайтадан тексеру барысында ең жоғары 139 балл жинаған тестіленушінің ереже бұзғаны белгілі болды. Сәйкесінше, оның нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Бұған дейін де 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесін жойғанымызды айтқан болатынмын. Ал бұл – тіркелген үшінші жағдай. Енді ең максималды балл – 138, оны 4 талапкер жинады. Төртеуінің де нәтижесін тексеру жұмысы жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейін, аномалды жоғары балл (+20 балдан +80 балға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижесі біздің ерекше бақылауымызда», деп жазды Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол сондай-ақ ҰБТ сертификатын қолдан жасау заңсыз және пайдасыз екенін ескертті. Себебі ҰБТ бойынша барлық дерек орталықтың базасында бар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек