29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинай алмаған талапкерлер сол жылы ЖОО-ға түсе алады, деп хабарлайды El.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствода маусым айында ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар тестілеуді тамыз айында тапсыра алатынын еске салды. Бірақ сол нәтижелермен тек ақылы оқу түріне түсуге болады.
«Тамыздағы ҰБТ-ға осы жылдың және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде оқығандар қатыса алады», деп түсіндірді министрліктен.
Тамыз айында өткізілетін ҰБТ ақылы, оның құны 4230 теңгені құрайды. Өтініштерді қабылдау 15 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркелуге болады.
Егер түлек барлық әрекеттерді қолдана отырып, шекті балл жинамаса, онда ол өзі таңдаған кез-келген мамандық бойынша университетке түсе алады.
«Бұл ЖОО-ға шартты қабылдау болады, өйткені бір жыл ішінде түлектің осы ЖОО-да оқуға лайықты екенін дәлелдеу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыру қажет», деп хабарлады министрлікте.
Ведомствода күші жойылған нәтижелері бар талапкерлер де ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алатынын атап өтті. Мұндай мүмкіндік түлектерге бір жыл бойы ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік бермей, өз құрдастарымен бірге оқуды бастауға мүмкіндік береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек