Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБразилияның азаматтық қорғаныс басқармасының соңғы мәліметтері бойынша, тасқын судан қаза тапқандар саны 107-ге жетті. Сондай-ақ 136 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, тағы 374-і әртүрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Табиғи апаттан шамамен 232 мың тұрғын үйлерін тастап, шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.
Зардап шеккендердің жалпы саны - 425 муниципалитеттен бір жарым миллион адам.
Су тасқынына байланысты жалпы тұтынушылардың шамамен 18%-ын электр жарығымен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ішетін суды жеткізуде де мәселелер бар. Толассыз жауыннан әуежайларды су басып, әуе қатынасында қиындықтар туындаған.
Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпей отыр, олар алдағы күндері де жауын-шашын тоқтамайды, тиісінше өзен деңгейі тағы көтеріледі деп болжайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді