29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБатыс Қазақстан облысында күшті жел балабақшаның шатырын жұлып түсірді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні кешке қарай Казталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.
Сағат 17:45-те екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен қатты жел қос қабатты «Қарлығаш» балабақша ғимаратының 320 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы сағат 18.50-де хабар түскен. 1984 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 381 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек