Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБатыс Қазақстан облысында ҚАЖД қызметкерлері сала ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақ халқы қашанда жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ізет білдіреді. Бұл дәстүр, әсіресе, Наурыз меймары қарсаңында жаңғырады. Кіші буын өкілдері қариялар мен данагөй тұлғалардың ақ батасын алып, көрші-қолаң бір-біріне "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!" деп ізгі тілектерін жолдайды.
Осы дәстүр аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары С.Утешкалиев бастаған бір топ қызметкер ҚАЖ саласының құрметті ардагері, запастағы әділет подполковнигі Әділхан Ермековке арнайы барып, құрмет көрсетті.
Ардагер 1960 жылдың 13 маусымында Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Зеленый ауылында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы ҚАЖ саласында басшылық қызмет атқарып, елеулі еңбек сіңірген.
Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері. Қызмет жолын 1981 жылы №4 тергеу изоляторында бақылаушы болып бастаған. Кейін №16 еңбекпен түзеу колониясында қызметін жалғастырып, 1994 жылдан бастап №4 тергеу изоляторы бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. 1998 жылдан бастап осы мекеменің басшысы қызметін атқарды. 2006 жылы зейнеткерлікке шықты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады