28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПолиция қызметкерлері Ақсай қаласында пәтерлердің бірінің алтыншы қабатынан секірмек болған қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарғы қабаттан секірмек болған қызды көрген куәгерлер полицияға қоңырау шалды. Полиция қызметіне хабарлама түскеннен кейін учаскелік полиция инспекторлары дереу оқиға орнына жіберілді. Абырой болғанда, пәтердің есігі құлыпталмаған болып шықты. Полиция қызметкерлері пәтерге кіріп, терезеде отырған қызды бірден ішке тартып алды.
Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында қыз құтқарылды. Қазір оның жағдайы жақсы. Болжам бойынша, қала тұрғыны мұндай шарасыз қадамға отбасылық мәселелерге байланысты барған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?