20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында қатерлі ісікке шалдыққан 58 науқастың құқығы бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс прокуратурасы медициналық ұйымдардың онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне талдау жасады. Нәтижесінде дәрігерлердің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамағаны анықталған.
Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмаған. Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.
Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалуда. Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында,-делінген прокуратура мәліметінде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?