Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысты деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олар Ақжайық ауданы аумағындағы жайылымнан ірі қара мал мен жылқы ұрлады деген күдікке ілінген. Күдіктілердің бірінің көлігін тексеру кезінде бір ірі қара малдың еті табылса, екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен тағы бір малдың еті тәркіленді.
Сонымен қатар тінту барысында полиция қызметкерлері жануарлардың терілері мен қалдықтарын анықтады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты бес эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді