30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБатыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Бөкей орда және Тасқала аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қараша айынан 2025 жылғы маусым айына дейін күдіктілер Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарын ұрлап келген.
Барлығы 49 бас ірі қара мал ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 20 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар олардың мал ұрлығы бойынша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды