Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО-да кәсіпкерге 40 миллион теңге салық заңсыз есептелген, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Орал қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына шағыммен жүгінді. Айтуынша, мемлекеттік кірістер органы оған қосымша 40 млн теңге салық берешегін есептеу туралы хабарлама жіберген.
Қосымша есептеудің себебі – жүк көлігін импорттау кезінде СЭҚ ТН кодын дұрыс көрсетпеу. Бұл ретте импортталған тауар көрсетілген кодқа толық сәйкес келеді, сондай-ақ бастапқыда рәсімдеу кезінде есептелген және төленген кедендік төлемдер мен салықтар заңнамаға толықтыай сәйкес келеді.
Департамент өкілдері мүдделі тараптармен кеңес өткізді. Оның барысында бастапқы кедендік рәсімдеудің заңдылығы туралы дәлелдер расталды.
Департаменттің ұсынысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарламаны қайтарып алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді