Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО-да «Северная сказка» фермасынан қашып кеткен бұғы Чук аман-есен табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұма күні кешке «Северная сказка» фермасында күтпеген оқиға орын алып, аумаққа кірген ит солтүстік бұғыларын үркітіп, олардың бірін қуалаған. Қорыққан Чук есімді бұғы қоршаудан секіріп, орманға қашып кеткені мәлім болды.
Жануарды 8 ақпан күні сағат 17:00 шамасында тұрғындар «Вымпел» бау-бақша серіктестігі мен шойын көпір маңынан көрген.
Ферма өкілдері әлеуметтік желі арқылы бұғыны табуға көмектескендерге 500 мың теңге көлемінде сыйақы беретінін жариялады. 9 ақпан күні ферма Чуктың аман-есен табылғанын мәлімдеді.
Қымбатты достар! Чукты іздеуге көмектескендерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, «Рыбалка охота отдых» қауымдастығына жеке ризашылығымызды айтқымыз келеді. Жігіттер Чукты тауып, сап-сау күйінде жеткізді. Қайта оралуыңмен, Чук!, – деп жазды ферма қызметкерлері.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді