Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 ақпан күні болды.
«Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?