Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіп, әр түрлі саладағы заңды бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратураның мәліметінше, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.
Аталған сабақтарды өткізу ауданның барлық 1 200 оқушылар үшін ұйымдастырылмаған. Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған, - делінген прокуратура хабарламасында.
Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді