Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында қызамықпен ауырған алты баланың бірі қайтыс болды, екіншісінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызамық жұқтырған бес бала да бір балабақшаға барады. Қазір ол мекеме карантинге жабылды.Тасқала аудандық ауруханасында екі бала, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тағы екеуі стационарлық ем алып жатыр.
Бір бала карантиннен шықты. Бір бала көз жұмды. Патологанатомиялық сараптама жасалды. Өлімнің нақты себебі қосымша зерттеулерден кейін анықталады, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның жазуынша, стационарлық ем алып жатқан төрт баланың үшеуінің жағдайы орташа ауыр. Бір баланың жағдайы ауыр.
Қызамық кезінде баланың қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі де, бала әлсізденіп, басы ауырып жатып қалады, бірінші күннің аяғында мойын жағына бөртпе шығып, барлық денесін басып кетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?