Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБҚО-да полиция ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ПД Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақбөкендердің мүйіздерін тапты. Казталов ауданы тұрғынының гаражын тінту барысында полицейлер ақбөкеннің 226 мүйізін тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталды, олардан 13 бірлік атыс қаруы, 4 есірткі заты, 5 оқ-дәрі және 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді.
Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 366 азамат оқшауланды, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам жеткізілді, сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 8 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады