Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 56 жастағы анасын пышақтап өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, жабық сот отырысында қаралды.
Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.
Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді