Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысының прокуратурасы тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуға тиіс 700-ден астам адамның құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Ақжайық аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің берілген кепілдік көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамту мәселелеріне талдау жүргізген.
Талдау барысында мұқтаж адамдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етпеу фактілері анықталған.
Атап айтқанда түрлі диагнозбен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациент өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай келген, - делінген хабарламада.
Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды алуға алдын-ала тапсырыс берілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді