Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Прокуратура мәліметінше, Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 38 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 5000 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шынниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді