Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсанында күдіктілер Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.
Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңгені құрады. Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы топтың басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді