Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысында барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік ауданы 615,5 мың гектарды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, соның ішінде дәнді дақылдар – 312,8 мың гектар, майлы дақылдар – 102 мың гектар, жемшөп дақылдары – 196,7 мың гектар және картоп, көкөністер мен бақша дақылдары – 4,0 мың гектар.
Бүгінгі таңда 136,5 мың гектар дәнді дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 132,9 мың тонна дән бастырылды.
Жалпы алғанда, егін жинауға 20 мыңнан астам арнайы техника, оның ішінде 886 дәнді дақылдарды жинау комбайндары, 12 010 трактор, 3666 шашыратқыш және т.б. қатысуда.
Облыста дән қабылдау, сақтау және өңдеу қызметтерін көрсететін 8 элеватор бар. Олардың сыйымдылығы 634,8 мың тоннаны құрайды, бұл аймақта өндірілген дәнді толықтай сақтауды қамтамасыз етеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді