20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады.
Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен орналасқан, онда облыс халқының 75%-ына дейін тұрады. Сонымен қатар, Жайық өзенінен Орал қаласының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су алынады, - деді Нариман Төреғалиев.
Ол сондай-ақ болжамдар мен су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін ескере отырып, су қоймасының жұмыс режимін қалыптасқан гидрологиялық жағдайға сәйкес реттеу қажеттігін айтты. Бұл Жайық өзенінің төменгі ағысындағы су деңгейін көпжылдық орташа көрсеткіштерде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық тарап су аз болған кезде суды ағызуды былтырғы көрсеткіштерден төмен болмау туралы ұсыныс жасады.
Кездесу нәтижесінде тараптар су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ су тасқыны әрекетінің барлық кезеңінде үздіксіз ақпарат алмасу туралы келісімге келді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?