Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы Ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дауыс бергеннен соң облыс әкімі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Жалпыұлттық референдум өтуде. Мен де дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім. Еліміздің әр тұрғыны бүгін дауыс беру учаскелеріне келіп, еркін түрде өз таңдауын жасай алады. Батыс Қазақстан облысы тұрғындары бүгін өздерінің азаматтық белсенді позицияларын көрсетеді деген сенімдемін, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.
Айта кетейік, бүгінгі референдумда Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда.
Қазіргі мәліметтерге сәйкес, облыс тұрғындары белсенділік танытуда. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылының тұрғындары 1 сағат ішінде дауыс беруді аяқтаған. Аталған ауылдың 180 тұрғыны бар. Олардың 90-ы дауыс беру құқына ие. Жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді