10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журавлевка ауылында 42 үй, Иванковка ауылында 41 пәтерге арналған бір қабатты үйлер және Вознесенка ауылында 16 үй салынып жатыр.
Әрбір жеке үйге 10 сотық жер телімі қоса беріледі. Барлық жаңа үйге қажетті коммуникациялар өткізілген. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен салынуда.
Қанат Бозымбаев әкімдікке қалған 99 үйдің құрылысын жеделдетуді және қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.
Сонымен қатар вице-премьер қысқа мерзімде орталықтандырылған сумен жабдықтау және жаңа үйлерге арналған электр қуатының жеткіліксіздігі мәселелерін шешуді тапсырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді