Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮндістанда бойжеткен жігіті екеуінің қарым-қатынасына қарсы болған әкесін өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Карнатака штатына қарасты Кунигал қаласындағы мектептің Марияппа есімді 47 жастағы мұғалімі қызы Хемлатеге жігітімен кездесуге тыйым салған. Қыздың әкесі оның сүйіктісін ұрып, одан қызына жоламауын талап еткен.
Ашуға булыққан Хемлата мен оның жігіті әкесінен кек алу туралы шешім қабылдаған. Ойын жүзеге асыру үшін тағы бес серіктес қосып алған, олардың арасында Марияппаның әйелі де бар. Қаскөйлер ер адамның жұмыстан келе жатқан сәтін күтіп тұрып, тап берген. Сол сәтте-ақ оның басын кесіп алған.
Хемлата өзін күдіктілердің қатарынан алып тастау үшін оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Дегенмен тергеу барысында полиция қызметкерлері қыздың да қылмысқа қатысы барын анықтады. Өзге қатысушылар да қамауға алынды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?