29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлордада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қылмыскерлерді тауып, оларды жауапқа тартады. Бірер күн бұрын тағы екі вандал жазаланды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәселен, елорда тұрғындарының бірі мас күйінде Петров көшесіндегі кеңсе үй-жайында біреудің компьютерін сындырып кеткен. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша хаттама жасалды, сот құқық бұзушыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.
Сонымен қатар, тағы бір ер адам Шевченко көшесі, №10/4 үйдің бесінші қабатының балконында тұрып, дәрет сындырған. Осы үшін ол бес тәулікке қамауға алынды.
2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы іске асып жатыр.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек