Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы1-31 қазан аралығында дәстүрлі BOOKFEST 2025 кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл іс-шара елдің мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналып үлгерді.
Жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіретін BOOKFEST биыл да ауқымды бағдарлама ұсынып отыр:
Фестиваль аясында кітап сатып алу мүмкіндігі ғана емес, әртүрлі жастағы, түрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіретін үлкен әдеби алаң қалыптасады.
Meloman/MARWIN өкілі Диана Исабекованың айтуынша, BOOKFEST-тің басты мақсаты – оқырмандарды әлемдік әдеби жауһарлармен таныстыру, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру және отандық авторларды қолдау.
Біз кітаптардың адамдарға шабыт сыйлап, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына сенеміз, – деді ол.
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 1-31 қазан
Өтетін орны: Meloman/MARWIN дүкендер желісінің барлық филиалдары
Анықтама: BOOKFEST фестивалі 2020 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Бүгінде ол Қазақстандағы ең ірі кітап индустриялық оқиғасына айналып, оқырмандарды, авторларды, баспагерлер мен кәсіпкерлерді біріктіріп, оқу мәдениетін дамытуға үлес қосып келеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді