13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Қарасай ауданында ерекше форматтағы азаматтық бастама өтті.
Алматы облысы мен Алматы қаласының «Эндуро» мотоциклшілер клубының 4 өкілі өздерінің темір тұлпарларымен топтасып келіп, сайлау учаскесінде өз азаматтық таңдауларын жасады.
Еркіндік пен қозғалысты өмір салтына айналдырған мотоциклшілер бұл жолы ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктің ерекше үлгісін көрсетті. Клуб мүшелері дауыс беру учаскесіне дейін шағын мотошеру ұйымдастырып, осылайша Құрылтай сайлауының маңыздылығына назар аударды.
«Біз үшін еркіндік пен жауапкершілік – егіз ұғым. Мотоцикл тізгінінде жүргенде бағыт таңдаймыз, ал бүгін сайлау учаскесінде елдің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Біз үшін әрбір дауыс маңызды. Қоғамдық өмірге белсенді араласу – әр азаматтың жауапкершілігі», – деді клуб өкілі.
Темір тұлпарларын тізгіндеген жастардың сайлау учаскесіне ерекше форматта келуі спорт пен азаматтық белсенділікті ұштастырған жарқын көрініске айналды.
Бағытты жол көрсетеді, болашақты таңдау қалыптастырады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды